Basty bet

Суда жүзу ережелері

Суда жүзу кезіндегі негізгі талаптар:
– Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды.
– Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
– Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– Суда жүзу кезінде қолыңызда камера, доп тақтайша болмасын;
– Суға кету жайында жалған белгі бермеңіз;
– Жүзіп бара жатқан катер, қайықтарға т.б жақын жүзбеңіз;
– Суға биік өткелден, бөгеттен, қайықтан, катерден секіруге болмайды;
– Өзіңізге таныс емес жерге жүзіп бармаңыз;
– Мас күйде суда жүзбеңіз.
Егер сіз қайықта болсаныз:
– Қараусыз жатқан немесе техникалық ақауы бар қайықты пайдаланбаңыз;
– Жеке қорғау заттарсыз суға жүзуге шықпаңыз;
– Жүзу құралдарына техпаспортта көрсетілген мөлшерден артық адам отырғызбаңыз, жүк тиемеңіз;
– Мас күйде суға жүзуге бармаңыз;
– Қайықтың бортына, алдынғы жағына отырмаңыз;
– Қайықта жүзіп бара жатып, бір орыннан екінші орынға, сол сияқты бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға болмайды;
– Қайықтан суға секірмеңіз;
– Қараңғы түскен мезгілде суда жүзуден бастартыныз.
Есте сақтаңыз: 14 жасқа дейінгі балаларға ересектердің қарауынсыз суда жүзуге тыйым салынады! Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамды тыныс алуы тоқтағанан кейін 6 минут ішінде өмірге қайта әкелуге болады.
Суда жүзгенде сақ болыңыз!

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
№7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close