Basty bet
Судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Аудандық ТЖ бөлімі және жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Қызыларық ауылдық округі аумағындағы өзенінің және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында тыйым салынған жерлеріне және суға түсуге арналмаған орындарға қауіптілік туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша күнделікте рейдттік жұмыстары жүргізуде.
Алайда тұрғындардың бұл ескертулерге бей-жай қарауына байланысты 2025 жылы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында 2 адам суға батып қаза болды.
ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы туралы ескертеді, яғни судағы демалу қайғылы оқиғамен аяқталмауын ескеру қажет. Ыстық күндері судағы жиі болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол мұздай суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады. ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына және қонақтарға табиғатта демала отырып барлық сақтық шараларын сақтауды, мұқият болуды нұсқайды. Қырағы болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Қарапайым аңғалсыздық қайғылы оқиғалардың болуына әкелеп соғады. ТЖ туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің – «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.
Жуалы ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі