Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының бесінші «Дамыған агроөнеркәсіп кешені» атты бөлімінде «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс» деп атап көрсеткен болатын.
Ауыл шаруашылығы еліміз, соның ішінде ауданымыз экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Оған дәлел Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын қабылдауы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аталған салада атқаратын қызметтері айтарлықтай. Соның ішінде Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының негізгі функциялары былайша болып қалыптасып отыр.
Өсімдіктерді қорғау саласында аудандық аумақтық инспекция тарапынан ағымдағы жылдың көктемінде ерекше қауіпті зиянды организм – марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп басталды. Химиялық өңдеу жұмыстары аспалы бүріккіш апараттарымен, жер үсті бүріккіш техникалары, әуе ұшақтары арқылы жүргізілді.
Ауданда өткен жылы марокко шегірткесінің таралу аймағы 18 800 гектарды құраса, жүргізілген жұмыстардың тиімділігіне және де климат жағдайларының қолайсыздығына байланысты оның көлемі күрт төмендеп, ЭЗШ-дан жоғары көлем 65 гектар алқапта таралып, толығымен өңделді.
Итальян прусына қарсы 6500 га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары мамыр-маусым айларында аспалы бүріккіш апараттарымен, жер үсті бүріккіш техникалары, әуе ұшақтары арқылы жүргізілді. Итальян прусына қарсы аспалы бүріккіш аппараттары арқылы 50 га алқапта өңдеу негізгі өңдеу жұмыстары басталмай тұрып, елді мекенге жақын аумақтарда және егістік жерлерге жақын алқаптарда жүргізілді, жер үсті бүріккіш техникалары арқылы 2850 га, әуе ұшақтары арқылы 3600 га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы «РФДжБӘО» РММ Жуалы аудандық филиалының анықтау жұмыстарының нәтижесі бойынша ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары марокко шегірткесіне 700 га, итальян прусына қарсы 6600 га алқапта жүргізілуі болжамдануда.
Өсімдіктерді қорғау саласында мекеме мамандары 20 шаруа қожалығынан жыл сайынғы фитосанитариялық есептіліктерді қабылдап, пайдаланылған пестицидтерге талдау жүргізді. Өсімдіктер карантині саласында ауданда жаппай таралған карантиндік арамшөп ол у кекіремен күрес тиімді жолға қойылған. Ағымдағы жылға жалпы 2 369 гектар алқапқа карантинді арамшөп у кекіреге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланған. Оның 1437 гектары мемлекеттік қордағы жайылымдық, қалған 932 гектары егістік және шаруашылықтардың жайылымдық жерлері.
Нәтижесінде арамшөп анықталған егістік жерлердің иелеріне Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулысына сәйкес у кекіреге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама беріліп, Жуалы аудандық сотының шешімімен нұсқаманы орындамаған екі шаруашылыққа, «Азамат» шаруа қожалығына 5 АЕК, яғни 12 625 тенге және «Элик» шаруа қожалығына 70 АЕК, яғни 176 750 теңге айыппұл салынды. Қалған шаруашылықтар нұсқаманы тиісінше орындап, яғни егіс алқаптарына агротехникалық жолмен өңдеу жұмыстарын жүргізді.
19 гектар алма баққа калифорниялық қалқаншалы сымырға қарсы жаңа «Би-58» инсектицидімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда 2014 жылы аса қауіпті карантинді ауру жеміс ағашының бактериалды күйігі «Мәдина» ШҚ 3 гектар, «Таң» ШҚ 10 гектар жеміс бақтарынан анықталса, 2015 жылы «Қоралас» ШҚ 19 га алма бағынан және «Дархан» ШҚ 15 гектарынан анықталып, оның ішінде 10 га толығымен жұлынып, өртеліп, қалған 5 гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Аталған аурудың жалпы таралу аймағы 37 гектарды құрап отыр. Осы аталған шаруашылықтарға заңға сәйкес нұсқамалар беріліп, нұсқамадағы аталған іс-шаралардың орындалуы мемлекеттік карантиндік инспектордың тұрақты қадағаланып, толығымен орындалды.
Ауданда карантинді ауру картоптың алтын түстес жұмырқұрты 2017 жылы картоп тұқымынан анықталған болатын, 2018 жылы «Жаңаталап» ШҚ 34 гектар картоп алқабынан, 50 гектар мақсары егісінен, 30 гектар қант қызылшасы, 14 гектар күнбағыс егістіктерінің топырағынан, «МААК» ШҚ 3 гектар алма бағынан, 5 га қант қызылшасы алқабынан, «Ақмарал» ШҚ 17 гектар эспарцет, 1 гектар жүгері, 10 гектар күнбағыс, «Айкүміс» ШҚ 10 гектар картоп егісінен, «Арапат» ШҚ 2 гектар күнбағыс, «Айдар» ШҚ 16 гектар картоп егісінен, «Жандос» ШҚ 31,6 гектар мақсары егістігі орналасқан топырақ сынамаларынан, барлығы 223,6 гектар алқаптан жоғарыда аталған карантиндік зиянкес анықталып, аталған егістік жерлерге Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 221 қаулысымен карантиндік режим енгізіліп, осы аталған шаруашылықтарға нұсқама беріліп, шаруашылықтар нұсқаманы тиісінше орындап, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы өнімдеріне, яғни өсімдік тектес түрлерге 8 фитосанитариялық сертификат алуға өтінім түсіп, Қытай Халық Республикасына 180 тонна мақсары, Өзбекстан Республикасына 196 тонна арпа және Украинаға 207, 310 тонна картоп өніміне фитосанитарлық сертификаттар берілді және Қазастан Республикасының аумағанда берілетін құжат карантиндік сертификат алу үшін бір өтінім келіп түсіп, 15 тонна картоп өнімін Ақтөбе облысына сатуға рұқсат қағаз берілді. Барлық берілген құжат саны 22 дана, фитосанитариялық сертификат және бір дана карантиндік сертификат.
Жуалы аудандық аумақтық инспекция ұжымы ауыл және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында қадағалау жұмыстарының қарымын арттырып, алда тұрған міндеттер үдесінен шығу жолында еселі еңбек ете береді.
Ілияс МҰРТАЗА,
ҚР АШМ МИК Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы