Basty bet
«BI STALE» өнер байқауының жүлдесі
Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінде үйірме жұмысы, оның ішінде қыз балаларға арналған би үйірмесі мәдениет үйі ашылғалы жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда ауылдық мәдениет үйінде «Шабыт» балалар би үйірмесіне 60-қа жуық қыз бала қатысады.
Шілденің алғашқы аптасында «Балдырған» тобының 8 қатысушылары Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өткен «BI STALE» өнер байқауына қатысып, жүлделі І орынды қанжығаға байлап қайтқан болатын. Мұны біз қанша жылдық еңбектің, дайындықтың нәтижесі деп білеміз.
Жас өнерпаздар кубок және Дипломдармен марапатталды. Бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Өскелең ұрпақтың жеңісі – біздің де жеңісіміз.
Жас өнерпаздар тек биіктен көрініп әрқашан үлкен сахналарды бағындыра беруіне тілектеспіз.
Осындай бәсі биік жарыстар мен байқауларға қатысуға әрдайым қолдау көрсетіп жүретін аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының қызметкерлеріне және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!