Basty bet

АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН АУМАҚТАРДА ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Шомылу маусымының басталуына орай, тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеміз! Біріншіден, жабдықталмаған өзен-көлдерде шомылу адам өмірі үшін қауіпті екендеріне назар аударамыз! Осыған байланысты Жуалы ауданы тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды сұраймыз!
Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Тыйым салынады:
-Қоршау белгісінен әрі жүзуге;
-Тыйым салынған орындарда суға түсуге
-Балаларды қараусыз қалдыруға;
-Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
-Суда ойнауға;
-Жалған дабыл беруге;
-Өтіп бара жатқан қайыққа жақын жүзуге;
– Көпірден, айлақтан, қайықтан, суға секіруге;
– Тамақ ішкен бойда суға түсуге;
– Суға мас күйде түсуге;
– Таныс емес жерге сүңгуге.
Су айдындарында, оның ішінде жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін бәріміз қатаң сақтайық!

Жуалы ауданы әкімшілігі

Таңдаулы материалдар

Close