Basty bet
Сайлауға қатысу – азаматтық міндет
Қазір еліміз саяси жаңғыруларды бастан өткеріп жатқаны белгілі. Алдағы наурыз айының 19-шы жұлдызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депуттаттарының сайлау науқаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы сайлау науқандарының кестесіне сәйкес белгіленген болатын.
Алдағы Мәжіліс сайлауында да белсенділік танытып, қасиетті Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, жас ұрпақтың келешегі үшін дауыс бергеніміз дұрыс. Елде өткізіліп жатқан қандай сайлау науқаны болсын, әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Біз өз таңдауымызды жасау арқылы алдағы сайлауды бірлікпен өткізуіміз керек. Бұл жеке өзіміз үшін де, мемлекетіміз үшін де маңызды.
Қазіргі таңда әлемде геосаяси жағдайлар өте ушығып тұр. Кейбір елдерге тұрақтылық пен бейбітшіліктің өзі арман. Біз осы тұрақты қалпымызды сақтап, таңдауымызды жасай отырып, алдағы сайлауды бірлікпен өткізуді өзіміз қамтамасыз етуіміз керек. Елдің тұтастығы мен бірлігін халық болып сақтасақ қана, алдымызда қуатты Қазақстанның жарқын болашағы күтіп тұр.
Раушан ӘЛИЕВА,
Б.Момышұлы ауылдық билер кеңесінің мүшесі