Basty bet
Шаруа қожалық басшыларының назарына!
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 13 және 21-баптарына сәйкес, тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар бойынша міндетті түрде егістерді байқаудан (апробациядан)(байқаудан өткізу дегеніміз – ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәндiлiгiн, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүлiну дәрежесiн анықтау) өткізу қажет екенін хабарлай келе, егіс алқабына байқау (апробация) жүргізуді аудандық зертхана атқаруда.
Жуалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін байқаудан өткізетін аудандық тұқым зертханасының меңгерушісі Сыдыков Нұрдәулет (8 778 347 67 19).
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі