Basty bet

Заң талаптары негізінде іс-әрекеттер жасалады

«Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ-сі аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің 11 шілде 2023 жылғы №51 санында жарық көрген аудан тұрғындарының атынан Орынбай Көпбаевтың «Базар маңында жол қашан ретке келтіріліп, жөнделеді?» атты сыни мақаласына төмендегідей жауап береді.
Бүгінгі күнде орталық базардағы М.Мәметова көшесінің 129 метр жолы “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасына сай орта жөндеуден өтеді. Қалған орталық базардың Ы.Алтынсарин көшесі автокөлік жүруіне қиындық тудырып жатқан мәселе бойынша: “Сарыағаш” сауда-саттық базарының иесімен жол бойындағы сауда нүктелері мен дүңгіршектерді ретке келтіру және алу мақсатында келіссөздер жүргізілді. Екі жақты келісім жасалды. Алдағы уақытта заңнама талаптары негізінде іс-әрекеттер жасалады. Аталған жұмыстар бақылауда.

Керімхан Төреқұлов,
Б.Момышұлы
ауылының әкімі

Таңдаулы материалдар

Close