Basty bet

Құқықбұзушылыққа бейжай қарамайық!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқару мен азаматтардың заңға деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Оған қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, оны дер кезінде анықтау және тиісті органдарға хабарлау – қоғамдағы заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл жөнінде жоғары тұрған басшыға, мемлекеттік органның немесе өзі жұмыс істейтін ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлай алады.
Яғни, азамат сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың куәсі болса немесе ол туралы нақты ақпаратқа ие болса, бұл мәліметті тиісті тұлғаларға жеткізуге құқылы. Өз кезегінде жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның немесе ұйымның басшылығы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар келіп түскен хабарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адам заңмен қорғалады. Атап айтқанда, мұндай азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады.
Бұл – сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беретін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды кепілдік. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленуі мүмкін.
.Сыбайлас жемқорлықпен күресте әр азаматтың құқықтық сауаты мен белсенді азаматтық ұстанымы маңызды. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамай, заң талаптарына сәйкес тиісті органдарға хабарлау – қоғамның тазалығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге қосылған үлес. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек жазалау шараларымен шектелмейді. Оның басты тетіктерінің бірі – азаматтардың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі және құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Заңды құрметтеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді ұстаным қалыптастыру – әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарты.

Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close