Basty bet
Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өзекті мәселелер талқыланды
Жуалы аудандық сотының төрағасы Б.Абуев құқық қорғау органдарының және пробация қызметі өкілдерімен сотталғандарды қадағалау мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Іс-шараға прокурор А.Исатаева, аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу істері бойынша орынбасары Е.Күмісбек, қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы Ы.Әміреев, Жуалы аудандық пробация қызметінің басшысы Қ.Сарғалтақов қатысты.
Кездесу барысында сот төрағасы сотталғандарға заңмен және сотпен жүктелген міндеттердің орындауына бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды есепке алуды және сотталғандардың ҚР-ның Қылмыстық-атқару кодексінің нормаларының талаптарының бұзылуына пробация қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы мәселені көтерді.
Сондай-ақ, сот төрағасы сотталғандар тарапынан жаза мерзімін бұзған жағдайда дер кезінде әрекет ету бөлігінде жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметі арасындағы үйлесімділік мәселесіне тоқталды.
Кеңесте аталған тақырып аясында өзара пікір алмасумен жалғасып, соңында ұсынымдар беріліп, ортақ мақсаттар жасалынды.
Н.Манасұлы,
«Жаңа өмір»