Basty bet
Қоқыс пен қалдықтарды жағу
Қоқыстарды және құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағу өрттің өсуін арттырады. Құрғақ өсімдіктердің жану себептері: сөндірілмеген оттар, абайсызда тасталған темекі тұқылдары мен сiрiңкелер. Осыған байланысты табиғатта немесе үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауiпсiздiгi ережелерін сақтау қажет.
Қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336 және 410-баптарына сәйкес, 20-дан 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде, кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталатын материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта, желсіз ауа райында, бұл үшін арнайы бөлінген орындарда ғана қоқысты жағуға жол беріледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтан тазартылуы керек. Қоқысты жағу тек күндізгі уақытта, үнемі бақылауда жүргізілуі керек. Қоқысты жағып болғаннан кейiн отты мұқият сумен сөндіру керек.
Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтары, Жуалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ЕСКЕРТЕДІ!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Жуалы ауданының ТЖ және
ӨС бөлімдері