Basty bet
Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Аталған кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Айдос Асабаев және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков аудандағы «Ақсай-Су» шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерін құттықтап, бірнеше маманды Алғысхатпен марапаттады. Сонымен қатар, оларға жауапты қызметте сәттілік тілеп, саладағы реформалардың жемісті болуына тілек білдірді.
Ауыл шаруашылығында аса маңызды рөл атқаратын су шаруашылығы саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекесінің иелерін шын жүректен құттықтаймыз. Бұл күн – 2019 жылдан бастап еліміздің кәсіби мерекелер күнтізбесіне ресми түрде енгізілді. Бұл – су шаруашылығы саласына деген мемлекеттік деңгейдегі құрметтің, осы салада аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне берілген жоғары бағаның айғағы.
«Жаңа өмір»-ақпарат