Basty bet

Тұрғындардың тілегі ескерусіз қалмайды

Өткен аптада алдын ала жасалған қабылдау кестесіне сәйкес, аудан әкімі Жалғас Мұртаза аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізді.
Аудан басшысының бұл жолғы қабылдауында болған тұрғындардың дені баспанаға мұқтаж жандар. Оның ішінде, тұрғын үйдің кезегінде тұрғандары да бар, үй кезегіне қойылмағандары да кездеседі.
Қабылдауға алғаш болып Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Сандуғаш Көшербаева кірді. Ол тұрғын үйге мұқтаж екенін жеткізді. Өзінің айтуынша, қазір пәтер жалдап тұрады екен. Келесі кезекте Қызыларық ауылының тұрғыны, бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Нұралы Бүйенбаев сол ауылда орналасқан бокс үйірмесі өтетін ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бүгінгі таңда аудандық бюджеттен 17 566 018 теңге қаражатқа сұраныс берілген. Алайда, қаражат бөлу мәселесі қолдау таппағанын айтады.
Аудан басшысының жеке қабылдауында болған басқа да азаматшалардан – Көктөбе ауылының тұрғыны Гүлзира Пермаханбетова, Көлтоған ауылының тұрғыны Мөлдір Шарипханқызы және Ақсай ауылдық округі Диқан ауылының тұрғыны Досымжан Құрмансейіт те баспанаға мұқтаж жандардың қатарында.
Қабылдауда болған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтінішімен мұқият танысқан аудан әкімі Жалғас Мұртаза тұрғын үй алудың белгіленген заңды тәртіптерін түсіндірді. Одан бөлек, жеке қабылдауда болған басқа да азаматтардың барлығына мәселелеріне байланысты аудан басшысы, аудандық әкімдіктің тиісті бөлімінің басшылары және ауылдық округтің әкімдері тарапынан тыңғылықты жауап берілді.

Аида ТҰРҒҰМБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close