Basty bet
Сайлау комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинары
Өткен аптада аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырудағы негізгі аспектілер» тақырыбында оқыту-семинары өтті.
Семинарға аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру және сайлау процесінде құқықтық нормаларды дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру.
Семинарды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нүрзия Алтыбаева ашып, қатысушыларды оқу бағдарламасымен таныстырды.
Оқыту барысында сайлаушылар тізімін қалыптастыру, дауыс беру тәртібі, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар және БАҚ өкілдерімен жұмыс, дауыс беру қорытындыларын анықтау, шағымдарды қарау және жанжалды жағдайлардың алдын алу сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.
Теориялық білімді бекіту мақсатында қатысушылар ситуациялық сұрақтарды талқылап, Kahoot платформасында викторинаға қатысты. Семинар соңында комиссия мүшелерінен тест алынып, сертификаттар табысталды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы