Basty bet

ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті. Ол өнердің ғана емес, әлемнің асқар шыңдарын да бағындырып жүрген азамат.

Әлібек өзіне үлкен мақсат қойған – «Әлемнің жеті шыңына» шығып, әр шыңында қазақ күйлерін орындап, ұлттық мәдениетіміздің байлығын дүниежүзіне таныстыру.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ол Гималай шыңына және «ҚХА шыңына» көтеріліп, Ассамблея туын желбіретті.

Әлібек – ҚХА-ның «Жеңіс – бірлікте» спорттық платформасының (Бірлік жолындағы спорт) елшісі. Бүгін оған этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/kha-t-ra-asyny-orynbasary-dombyrashy-libek-ayyrbekpen-kezdesti/

Таңдаулы материалдар

Close