Бүгінгі таңда интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал, дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес.
Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған түрлеріне келесідей әрекеттер жатады:
«Фишинг»
Олар сол арқылы сіздің жеке деректеріңізді, құпия сөздер және банк немесе несие картасы шотының нөмірлерін алуға тырысады. Кей жағдайда сізге жіберілген хабарламада сілтеме болуы мүмкін. Сіз білместікпен сол сілтемені басқан бойда сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы телефоныңыздағы құпия деректеріңізді іздейтін вирус еніп кетеді.
«Скимминг»
Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік және дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, қонақүйлерде уақытша жұмыс табады.
Ұрылар сондай-ақ банкоматтар мен жанармай құю бекеттеріндегі картаны оқу құрылғыларының үстіне карта туралы ақпаратты жинайтын скиммерлерді орнатады. Ал кейбірі клиенттердің PIN кодтарын енгізуін бақылау үшін шағын камера қосып қояды.
Содан кейін олар сіздің нөміріңіз бен ақпаратыңыз бар жаңа картаны басып шығарады немесе ақпаратыңызды желіге енгізу арқылы сіздің атыңыздан сауда жасап, ақшаңызды ұрлайды.
Қауіпсіздігі қорғалмаған интернетке қосылу қажеттігі маңызды.
Сонымен қатар, банктік шоттарға кіру немесе онлайн сауда жасау үшін мейрамханаларда, қонақүйлерде немесе басқа жерлерде қорғалмаған Wi-Fi нүктесін пайдалансаңыз, хакерлер транзакцияларыңызды бақылап, жеке деректеріңізді ұрлай алады.
Смартфон қолданатындар алаяқтықтардың әрекетіне жиі түсіп қалып жатады. Мысалы, біз ұялы телефонмен сөйлескенде, мәтіндік хабарлама немесе электронды поштаны жібергенде интернет-алаяқтар бұл ақпаратты тыңдап тұруы мүмкін. Осылайша, олар аталған деректерге оңай қол жеткізіп алады.
Сонымен қатар, смартфон жазып алған күмәнді қосымшалар ұялы телефонда сақталған құпия ақпаратты ұрлап, оны хакерлерге жіберіп отыруы мүмкін. Ал сіз оны білмей де қаласыз.
Алаяқтыққа қатысты қылмысқа баратын адамдар осы іс әрекет үшін заңнамаларда қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктердің баратынын ескергені дұрыс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сай, «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен» жасалынған қылмысқа төмендегідей жаза қарастырылған.
Мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қорытындылай келе әр азамат сана сезімі жеткілікті тұлғалара болып табылғанымен, сонда да осындай алаяқтарға сеніп қателіктерге жол беруде, «Тегін келген дүниенің қадірі болмайды» деп айта келе кез келген азамат сақ болғаны абзал дегім келеді. Қылмыс жасаған алаяқтарға заң талаптарына сай қылмыстық жауапкершілік қолданылатыны анық!
Лаура Мұсабекова,
“Жаңа өмір”