Basty bet
Судағы қауіпсіздік ережелері бойынша рейдтік жұмыстар жалғасуда.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Теріс өзенінің және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында тыйым салынған жерлерге және суға түсуге арналмаған орындардың қауіптілігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша күнделікті рейдтік жұмыстарын жүргізуде. Өкінішке орай, аудан тұрғындарымен су айдындарында қауіпсіздік ережелері жиі бұзылады, оның салдары қайғылы оқиғаларға әкеліп соғады. Суға батып кететіндердің көбісі ата-аналарының қарауынсыз қалдыру салдары мен мас күйінде болады.
Өткен 2025 жылы жылы шомылу маусымында рейдтік жұмыстары кезінде ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабы бойынша 34 әкімшілік іс қозғалып, жалпы көлемі 293250 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, шомылу маусымында судағы жазатайым 2 оқиға тіркеліп, екеуі де адам өлімімен аяқталды.
Судағы болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол денені суға үйретпей суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады. Төтенеше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына және қонақтарға барлық сақтық шараларын сақтауды, мұқият болуды ескертеді. Қырағы болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Қарапайым алаңсыздық қайғылы оқиғаға әкеліп соғады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда бірыңғай құтқару қызметінің – «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі