Basty bet

Конституция құқықтық құндылықтардың  кепілі саналады

Қазақстанның барлық азаматын Республикамыздың негізгі заңы – Конституцияның 30 жыл болды. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мерекелердің бірі əрі бірегейі.

Конституция дүние жүзіндегі əрбір тəуелсіз мемлекеттің бағдаршамы. Қазақстан да өзінің демократиялы, зайыр лы, құқықтық, əлеуметтік мемелекет екенін өз Конституциясын қабылдау арқылы бүкіл əлемге паш етіп, ең жоғары құндылықтар – адам, оның өмірі мен құқығы, бостандығы екенін нық бекітті.

Əркімнің өмір сүру, сондай-ақ, жеке бас, ар-ождан бостандығына, қадір-қасиеті мен отбасының қорғалуына, сөз бен шығармашылық еркіндігіне, қызмет пен кəсіп түрін таңдап, еңбегі үшін ешбір

кемсітусіз сыйақы алуына, жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуына, демалуына, еркін-жүріп тұруына, сот арқылы өзін қорғауына, т.б. күнделікті өмір салтына Конституция кепілдік береді.

Негізгі заң əр азаматтың құқықтық кепілі ғана емес, сонымен бірге, жоғары биліктің, ел заңдарын реттеудің қайнар көзі. Соттың шешімінсіз ешкім жазаланбайды.

Президент, Парламент, сондай-ақ, Үкімет пен соттың өкілеттігі, яғни, билік құрылымдары Конституциямен айқындалып, елдегі сайлау жүйесі мен рефередум өткізу тəртібі, тағы басқа заңдылықтар бекітілді. Бүкілхалықтық референдуммен қабылданған қолданыстағы Конституцияда мемлекеттік жəне жеке меншік теңдігі, кəсіпкерлер еркіндігі, т.б. толықтай қамтамасыз етілген.

Біздің Конституциямыз қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық даму, жалпы

алғанда, мемлекеттің барлық маңызды мəселелерін демократиялық жолмен шешу принципіне негізделген. Сондықтан, Конституцияның тек демократиялық сипатын айрықша атар едім. Мұны Конституцияда «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп белгіленуінен көруге болады.

Осы заңдылық халық мемлекеттік биліктің жалғыз бастауы əрі егемендіктің иесі деп толықтырылса тəуелсіздігімізді құқықтық тұрғыда қорғау одан əрі күшейе түсер еді.

Конституцияның 3-бабының 4-тармағында атап көрсетілгендей, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, əрі Конституция мен заңдар негізінде заңшығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлінеді, бұлар тежемелік жəне тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау прин-

ципімен жүзеге асырылады.

Конституция мен заңдар талабын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройын, қадір-қасиетін құрметтеу 34-баппен міндеттелген. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге ешкімге жол берілмейді.

Конституцияны, Президентті құрметтеу мен Отанды қорғау азаматтардың конс-титуциялық міндеттерінің бастысы. Барлық уақытта азаматтар дың мемлекет алдындағы жауапкершілігі бірінші

орында тұруы тиіс. Себебі, Республикамыздың даму бағытын айқындап, халқымыздың тарихи мұрасына, мəдениеті мен дəстүрлеріне негізделген құқықтық жүйені қалыптастырудың алдыңғы шебінде Конституция Сот жүйесі əділетті Қазақстанның іргетасын нығайтуда негізгі құқықтық құндылықтардың кепілі саналады.

Заң үстемдігі мен əділеттілік принципін қамтамасыз ету сот билігінің басты міндеті. Сондықтан, соттар конституциялық заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Жүйедегі əрбір реформа азаматтар құқықтарының əділ қорғалуы мен сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, судьялардың тəуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Соттың мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретіндегі мəртебесі Конституциямен бекітілді. Сот əр істі қараған кезде алдымен Ата Заңның ережелеріне ден қояды. Конституциялық Соттың қайта құрылуы Конституцияның ролін мейлінше нығайтты.

 

Сот әкімшісі басшысы

Самат Ералиев

Таңдаулы материалдар

Close