Basty bet

Жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың қыркүйек айының 25-27 жұлдызы аралығында аудан аумағында төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесіп салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.
Сол себептен, Сіздерден салынған әкімшілік айыппұлды уақытында №204106 есеп-шотқа төлеулеріңізді сұраймын. Айыппұлды төлегеннен кейін, төленген туралы түбіртекті Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №84 мекенжайында орналасқан Жуалы АПБ-ның Әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобына алып келу қажет!
Б.Асқар,
Жуалы АПБ ӘПБ-ның аға инспекторы.
Полиция аға лейтенанты

Таңдаулы материалдар

Close