Basty bet

Бас құжат – биік белестің бастауы

Сейсенбі күні аудандық ардагерлер үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы негізгі міндеттерді іске асыру туралы пікір алмасу өтті. Шараға ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелері, БПҰ мүшелері, зиялы қауым өкілдері және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру туралы пікір алмасуды «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Нарымбеков ашып, жүргізіп отырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 8-ші қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялағанын жақсы білеміз. Аталған Жолдауды барлығымыз тікелей эфир арқылы тыңдадық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Жолдауда: «Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады» деп атап өтіп, Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру керек екендігін баса айтты. Бұл бағытта Президенттің Жолдауында маңызды жеті міндет меже ретінде қойылды. Оның біріншісі ретінде – елге қомақты инвестиция тарту ісін жеделдету жұмысын, екінші – өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, үшінші – ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, төртінші – көлік-логистика саласын одан ары дамыту, бесінші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі, алтыншы – кәсіпкерлерді елімізді дамытудың қозғаушы күшіне айналдыру мәселесі, ал жетінші – экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары күшінге айналдыру мәселелерін ерекше атап айтуға болады,- деді Марат Аманғалиұлы.
Ары қарай пікір алмасуды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев жалғастырып, Жолдауда жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең маңыздысы – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын терең орнықтырып, ұлтаралық қатынас мәселелерін жетілдіру сияқты маңызды бағыттар бар екенін жеткізді.
– Президенттің халыққа Жолдауын – ел дамуының негізгі бағыт-бағдары десек болады. Жолдауда аталған негізгі 7 бағдардың орындалуына күш салып, білім-білікті сарқа жұмсау – мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті. Ел экономикасының дамуы мен халық тұрмысының артуы – біз бен сіз атқаратын жұмыстың сапасына тікелей байланысты. Сондықтан, жаңа Жолдауда белгіленген межелі міндеттер мен тапсырмалардың сапалы орындалуына барынша күш салуымыз қажет,- деді Сейітхан Шерелханұлы.
Жиында одан бөлек, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Мақсұтбек Арзымбетов және зиялы қауым өкілдері Шәкіржан Мамаджанов, Кемелбек Дәуренов, Әбуғали Ералиев сөз сөйлеп, олар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында меже ретінде белгіленген бағдарлар туралы ой қозғап, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close