Basty bet
Тіл – татулық пен бірліктің тірегі
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасында «Тілдер күніне» арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шекара басқармасы бастығының орынбасары– тәрбиелік, идеологиялық және және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Данияр Сарымсақов, аталған бөлімнің аға офицері майор Алтынбек Манарбекұлы, кітапхана меңгерушісі Камила Абсеметова, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Қамар Қарасаева, жауапты хатшы Эльмира Байназарова, сондай-ақ Тараз қаласындағы №1 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрланов қатысты.
Кеш барысында тілдің қоғамдағы маңызы, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен болашағы жайлы тағылымды ойлар айтылып, қатысушылардың жүрегіне отансүйгіштік рух сыйлады. Әдеби шығармалардан үзінділер оқылып, жас ұрпақты тілге құрметпен қарауға үндейтін тағылымды пікірлер ортаға салынды.
Жиын соңында қатысушылар тіл мерекесінің ұлттың рухани бірлігін нығайтудағы орны ерекше екендігін атап өтіп, мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету әр азаматтың парызы екенін жеткізді.
Камила Абсеметова,
кітапханашы