Basty bet
Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз
Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері мен табиғатты аялаушы азаматтар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орман – жердің өкпесі, елдің берекесі. Ол – табиғаттың сәні ғана емес, халқымыздың байлығы мен болашағы. Орманды қорғау, күтіп-баптау, жаңғырту ісі – үлкен жауапкершілік пен табандылықты қажет ететін аса маңызды міндет. Бұл бағытта аянбай еңбек етіп жүрген орман қорғаушыларының еңбегі қоғам тарапынан әрдайым зор құрметке ие.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елімізде жасыл желектер көбейіп, экологиялық тепе-теңдік сақталуда. Әсіресе соңғы жылдары орманды қалпына келтіру, ағаш отырғызу, өрттің алдын алу және заңсыз кесу деректерінің жолын кесу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зор маңызға ие.
Бүгінгі мереке – табиғатқа адал қызмет етіп жүрген барлық мамандардың еңбегін бағалау күні. Орманшы – тек кәсіп иесі емес, туған жердің әр талына жанашыр болып, табиғатқа мейіріммен қарайтын ерекше тұлға.
Осы атаулы күні баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз.
Жасыл желегі жайқалған орманымыз мәңгі өніп-өсе берсін!