Basty bet

Еңбек еленген күн

Республика күні қарсаңында және кітапханашылар күніне орай аудандық кітапхананың қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Кітапханашылардың саладағы табанды еңбектері мен аудан мәдениетінің дамуына қосқан үлестері лайықты бағаланды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Жанерке Сейдалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медалімен марапатталды.
Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева Ұлттық кітапхананың Алғысхатына ие болды. Бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиеваға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғысхаты тапсырылды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Мөлдір Бахтиярова Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Алғысхатына ие болды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Егеубаева, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Арайлым Біттібай және Рысбек батыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғалия Тәжібаева және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қарауылы Айдар Көбей аудан әкімінің Алғысхатымен марапатталды.
Ал, Қошқарата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұлжан Көкеева аудандық мәслихаттың Алғысхатымен марапатталды.
Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Әсел Тасжүрекова, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Жансая Олжабай және Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Динара Дадашова «AMANAT» партиясының Алғысхатына ие болды.
Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің кітапханашысы Зоя Лепесханова және Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрсұлу Пакеева аудандық мәдениет бөлімінің Алғысхатымен марапатталды.
Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айжан Жанабаева орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының «Үздік кітапханашы-2025» номинациясы бойынша Алғысхатқа ие болды.

Аида Шәкір,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close