Basty bet

Жамбыл облысындағы ең сұранысқа ие топ үш мемлекеттік қызмет белгілі болды

2025 жылы Жамбыл облысындағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар арқылы 759 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» облыстық филиалы хабарлады. Сондай-ақ, өңір тұрғындары арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер белгілі болды.
Өткен жылы көрсетілген ТОП-үш ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің көш басында жеке куәлік пен ҚР паспортын беру қызметі тұр — бұл қызмет 188 325 рет көрсетілген. Екінші орында — көлік құралдарын тіркеу, бұл бағытта 181 008 өтініш қабылданған. Үшінші орынға ЭЦҚ алу қызметі жайғасты — 79 985 азамат электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұлдың айтуынша, ең көп мемлекеттік қызмет Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған ХҚКО-да көрсетілген — 135 224. Одан кейін Тараз қалалық Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сы — 120 665 қызмет көрсеткен және Қордай аудандық ХҚКО 72 157 қызмет көрсетіп, үштікті қорытындылап тұр.
Бүгінде мемлекеттік қызметтер тізілімі — 1 448 қызмет түрін қамтиды. Оның 91,8%-ы, яғни 1 330 қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қолжетімді.
Еске сала кетейік, азаматтар мемлекеттік қызметтерді тек ХҚКО-ларда ғана емес, онлайн форматта да ала алады. Атап айтқанда, «ЦОН» мобильді қосымшасы уақытты үнемдеуге көмектесіп, мемлекеттік сервистерді айтарлықтай қолжетімді етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close