Basty bet
«Заң мен тәртіп» – жарқын болашақтың кепілі

2026 жылдың 29 қаңтарында Ақсай ауылдық округіндегі №2 Мыңбұлақ орта мектебінде «Тәрбиелі тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға 90-ға жуық жас қатысып, құқықтық сауаттылық, заңға құрмет және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Жуалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Абдрақова Дана Нұржігітқызы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Жұмағшылов Ілияс Ануарұлы және Жуалы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Қадыров Сабит Мадыкулович жастармен ашық форматта пікір алмасып, пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар ұсынды.
Заңды білу – құқықты қорғау, тәртіпті сақтау – азаматтық жауапкершілік!