Basty bet

Қоғамдық келісім – экстремизмге қарсы басты құрал

Қазіргі заманда экстремизм мен радикалды идеялар қоғамға үлкен қауіп төндіріп отыр. Олар адамдарды адастырып, зорлық-зомбылыққа және алауыздыққа шақырады. Экстремизм туралы ең алдымен қоғамдағы тыныштықты бұзуды көздейді. Сондықтан мұндай қауіпті құбылыстардың алдын алуда қоғамдық келісімнің маңызы ерекше.
Қоғамдық келісім дегеніміз – қоғам мүшелерінің бір-бірін сыйлауы, түсінуі және ортақ құндылықтарды ұстануы. Татулық пен бірлік бар жерде адамдар өзара сеніммен өмір сүреді. Ал сенім бар қоғамда экстремистік идеяларға орын жоқ. Себебі, адам өзін қоғамнан шет қалдым деп сезінбейді, керісінше елдің дамуына үлес қосуға тырысады.
Экстремизм көбіне әлеуметтік және рухани мәселелерден туындайды. Жұмыссыздық, кедейлік, білімнің төмендігі, ақпаратты дұрыс түсінбеу – радикалды көзқарастардың таралуына себеп болады. Әсіресе, жастардың бұл мәселеге бей-жай қарамауы өте маңызды. Жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, олардың білім алуына, еңбек етуіне және қоғамға пайдалы болуына жағдай жасау экстремизмге қарсы күрестің басты жолы.
Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Елімізде түрлі ұлт пен дін өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр азаматтың тіліне, дініне, дәстүріне құрметпен қарау қоғамдық келісімді нығайтады. Мұндай ортада экстремистік әрекеттерге жол берілмейді.
Қоғамдық келісімді сақтауда мемлекеттің де, қоғамның да, әрбір азаматтың да рөлі зор. Мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, білім мен тәрбиеге көңіл бөлуі тиіс. Ал, әр адам заңды сақтап, өз ойын бейбіт жолмен жеткізіп, өзгелерге құрметпен қарауы қажет. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің де әсері үлкен. Ақпаратты дұрыс пайдалану, жалған мәліметтерге сенбеу, сыни ойлау қабілетін дамыту экстремизмнің алдын алуға көмектеседі.
Экстремизммен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол – бүкіл қоғамның ортақ ісі. Қоғамдық келісім, бірлік пен ынтымақ бар жерде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталады. Сондықтан, қоғамдық келісімді нығайту – жарқын болашақтың кепілі!

Бауыржан Момышұлы ауылы
әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close