Basty bet

ЖАМБЫЛДЫҚ БИБАРЫС ӘШІРБАЙ – ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жамбыл облысының жас спортшысы Бибарыс Әшірбай халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Дакар қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың күміс медалін иеленді.

Бұл – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Бибарыстың жеңісі Жамбыл облысының спорт саласындағы жетістіктерінің қатарын толықтырды.

Жерлесімізді айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз

Таңдаулы материалдар

Close