Basty bet

Үй жағдайындағы өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Өрт оқиғалары негізінен тұрғын үйлерде туындау қаупі жоғары. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда, тұрғын үйлерде жиі орын алады. Оның себептері де әртүрлі. Оның ішінде басты төрт себепті айтуға болады:
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4. Балаларды қараусыз қалдыру.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пештің ақауы болса, онда үйде өрттің орын алуына бірден-бір себепші болады. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Балаларға пешті қарауға және жағуға тыйым салынады. Айта кететін жағдай, өрт оқиғаларына басты себепші – электр желісі. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Осындай жайттардың барлығы өрттің туындауына алып келеді. Электр желісі бұзылған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу өте қауіпті.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде ең күрделісі өрт. Өрт – аса қатігез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн. Құрметті аудан тұрғындары!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды өтінеміз. Өрттен сақ болыңыздар!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close