Basty bet
«Shipaspa.zhualy» қызмет көрсету кешені ашылды
Аудан орталығынан «Shipaspa.zhualy» заманауи кешені ашылды. Жеке кәсіпкер Гүлнар Маханбетқұлқызының жеке қаражаты есебінен ашылған кешенінің ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың депутаты Нүрилә Мәлібекова және аудан кәсіпкерлері қатысты.
Алдымен аудандық мәслихаттың депутаты Нүрилә Мәлібекова орталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, кәсіп иесіне ризашылығын айтты. Жиналған көпшілікте өздерінің ізгі лебіздерін жеткізіп, аудан тұрғындары үшін мұндай орталықтардың болуы әсіресе, әйелдер қауымына маңызды екенін жеткізді.
Орталықта барлық жағдай жасалған. Массаж түрлері сынды қызметтер келушілерге жайлы көңіл-күй сыйлайды. Одан бөлек, мұнда фитобөшке парлары қарастырылған.
Егер сіз күнделікті істерден шаршасаңыз, демалғыңыз келсе және күш жинағыңыз келсе «Shipaspa.zhualy» сізді әбігерге түсуге және өзіңізге біраз уақыт бөлуге шақырады.
Салонда өткізген бірнеше сағаттың өзі әл-ауқат пен энергия тепе-теңдігін қалпына келтіруге жеткілікті. Салонның ішінде тыныштық, жайлылық пен релаксацияның ерекше атмосферасы бар.
Сұлулық, денсаулық және тыныштық әлемі мынадай қызметтерді ұсынады. Жалпы дене массажы, арқа, мойын, бас массажы, релакс массаж, балалар массажы және үйге барып жасау қызметіде бар. Қалжа массажы босанғаннан кейінгі күтім, яғни, үйге барып массаж жасау қызметі де қарастырылған. Қосымша емдік процедуралар Бамбук банкаларымен массаж – бұлшық етті ашу, қан айналымын жақсарту, фитобөшке – табиғи шөп буымен терең тазару, термоодеяло – майды ыдырату, целлюлитке қарсы, тас терапиясы – ыстық тастар арқылы релакс, құмыра терапиясы – бұлшық еттегі тырысу мен кернеуді босататын емдік процедуралар қарастырылған.
Сонымен қатар, бет күтімі, бет тазарту, ылғалдандыру, нәрлендіру маскалары бар. Тері күтімі – Шығыс дәстүрі бойынша теріні терең тазарту, бетті тазарту, фитобөшке, стоун терапиясы – ыстық тастармен жасалатын ерекше релакс. Бұл әдіс бұлшық еті босаңсытады, қан айналымын жақсартады, стресті азайтады, энергия ағынын теңестіреді, денеңізге жылу, жаныңызға тыныштық сыйлайды. Бас массажы, бет массажы мойын массажы, дене массажы, бас жуу, ерекше су бұрқақ. Денеңізді босаңсытатын массажы бар. Сондай-ақ, шай рәсіміне қош иісті шай және емдеумен аяқталатын рәсім кіреді. Кешен қыз-келіншектерге арналған. Салонға бару нағыз демалыс, бару үшін қалаға сандалудың қажеті жоқ. Орталық аудан орталығында, мына мекенжайда яғни, Бауыржан Момышұлы ауылы Б.Үсенов көшесі 83 үйде орналасқан.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»