Basty bet
Келісімшарт бойынша және запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» 2025 жылғы 4 желтоқсандағы №1043 қаулысы негізінде, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлерді заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады.
Қазақстан Республикасында Қарулы Күштердің тұрақты әрі кәсіби құрамын қалыптастыру мақсатында азаматтар әскери қызметті мерзімді, келісімшарт бойынша, сондай-ақ, запастағы офицерлерді шақыру арқылы өтеуге мүмкіндік алады. Бұл жүйе елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскери кадрлардың тәжірибесін тиімді пайдалануға жол ашады.
Келісімшартпен қызмет етудің негізгі артықшылықтары:
• тұрақты еңбекақы және қосымша төлемдер;
• әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету;
• тегін медициналық қызмет;
• тұрғын үймен қамтамасыз ету (квартирный төлем, жатақхана, тұрғын үй бағдарламалары);
• қызметтік өсу және әскери шен алу мүмкіндігі;
• зейнетақы және әлеуметтік қолдау.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет – тұрақты жұмыс, кәсіби даму және әлеуметтік кепілдіктер беретін маңызды жүйе. Ал запастағы офицерлерді шақыру механизмі – елдің қорғаныс қауіпсіздігін күшейтіп, тәжірибелі кадрларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл екі бағыт Қазақстанның Қарулы Күштерін нығайтуда үлкен рөл атқарады.
Нұргүл Тотаева,
аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің
(келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі) инспекторы