Basty bet
«Тарихи өлкенің тазалығы» атты сенбілік
Тарихи мұраны құрметтеу – оны танып-білумен ғана емес, таза ұстап, келер ұрпаққа аманат етуден басталады. Осы қағиданы негізге алған жамбылдық жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» атты сенбілікке қатысты. Игі шара Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументі аумағында өтті.Акцияға жастар ресурстық орталығының мамандары, волонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Қатысушылар тарихи нысан аумағын қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді. Жасыл желек маңы тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.