Basty bet

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қазақ халқы отбасындағы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Сондықтан оларды бала кезінен еңбекқор, білімді, әдепті, сезімтал, саналы етіп тәрбиелеген. Кейін қыз бала бойжетіп, отау иесі болғанннан кейін өзі сүйіп қосылған жарын, ата-енесін, қайын-қайнағасын сыйлай білу қажеттігі туады. Ал, жас отау иесіне үй ұстау, ас пісіру, кісі сыйлап, қонақ күту әрі бақыт әрі оңай мәселе емес.
Жақында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында мектеп-лицейде «Қыздар білуі тиіс тұрмыстық қажеттіліктер» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу «Даналық» мектебінің жоспарына сәйкес өрбіп, оған ардагер ұстаздар, ақ жаулықты аналар мен келіндер және 8-10 сыныптың оқушы қыздары қатысты.
Тағылымды кездесуде алғашқы сөз Б.Момышұлы ауылының Аналар алқасының төрайымы Бақыткүл Қанаеваға берілді.
-Бүгінгі қыз – ертеңгі күні ана, бір әулеттің бетке ұстар келіні. Біз қызды тәрбиелей отырып, тұтас ұлтты тәрбиелейміз. Дана халқымыз қызды отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде оған тағылымды тәрбие береді. Қазақ қыздарының бойынан әрдайым қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер табылуы тиіс.
Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді. Сол себепті де қыз тәрбиесінің маңыздылығын әрдайым естен шығармай, ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де, инабатты ибалы қыз тәрбиелеу аса маңызды,- деген кітапхана саласының ардагері тұрмыста қыздардың білуі тиіс қажеттіліктері жайында әңгіме өрбітті.
Кездесуде бір отбасында тату-тәтті өмір сүріп, ұзақ жылдар бойы білім саласында жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып келе жатқан Айнұр Жамалбекова келіні Ақбота Моматай сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Отбасы мен білім беру саласындағы қызметін қатар алып жүрген олар обасындағы қыздар білуі тиіс қажеттіліктер туралы пайымды пікірлерімен бөлісті.
«Даналық» мектебінің аясында өткен тағылымды іс-шарада жастарды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, отбасы құндылықтарын берік сақтауға шақырды.

Қалжан МәуЛЕМБЕКқызы,
Әлихан Бөкейхан атындағы
№15 тірек мектеп-лицейінің
қосымша білім беру педагогы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close