Basty bet
Өндірістік бақылау тәртібі мен мақсаты
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығына 23.01.2026 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша:
Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, радиологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақытын бақылау.
Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі.
Сонымен қатар тері, ауа тамшылары арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс шараларын залалсыздандыру, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізу арқылы қамтылады.
Камералық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу көзделген.(Төсек орындарды зарарсыздандыру).
Өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, радиологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақыттылығын бақылау. Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі. Әрбір нысандарда өндірістік бақылау жүргізу үшін аспаптық және зертханалық зерттеулерді дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертхана базасында жасалынады. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын орындау бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының Жуалы аудандық бөлімшесінде орындалатынын мәлімдеймін.
Гаухар БАЙДӘУЛЕТОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері