Basty bet
Сел болған жағдайда не істеу керек?
Сел (сел жүру) – қатты жаңбыр немесе қардың тез еруі нәтижесінде тау өзендерінің бассейндерінде кенеттен пайда болатын су, құм және тас қоспасы аралас ағатын, үлкен жойқын күштің ағыны.
Сел қаупі бар өзендердің арналарына барған кезде
- Егер жоғарғы ағысында қатты нөсер байқалса, сел қаупі бар арнадан шығыңыз
- Ол жерде демалысқа тоқтамаңыз жəне сел қаупі бар арналардың жанында, көл бөгеттерінде жəне олардың астында шатырлы лагерь құрмаңыз
- тік жартастар мен тік беткейлердің жанында тоқтамаңыз – сел тастардың құлауын тудыруы мүмкін
- сел тасқыны белгілері анықталған кезде дереу арнадан тау баурайы бойынша жоғары қарай көтеріліңіз
- жылжымалы сел ағынына 50-70 метрден аса жақындамаңыз
- сел білігі өткеннен кейін сел арнасына түспеңіз
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі