Qoǵam

Алдын алу бәрінен де маңызды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нүркен Исламов пен департамент тергеушісі Батыржан Шамгунов, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтердің әкімдері және аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Жиынға аудан әкімі Нарбай Ергебеков төрағалық етті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше мән беру қажеттігін, басшылық қызметтегілер шешім шығарарда мұқият болу, халықтың наразылығын тудырмау, жеке басының, ауданның абыройына нұқсан келтірмеу жайында әңгімелер қозғалды.
Жиынды аудан басшысы қорытындылады.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close