Basty bet

Судағы қауіпсіздікті ережелері

Жуалы ауданы аумағында белгіленбеген, жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайды. Бұл талап Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларымен реттеледі. Суға тек арнайы белгіленген және қауіпсіздігі тексерілген орындарда түсу қажет. Белгіленбеген жерде суға түскен азаматтар су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жаз мезгілінде рейдтер өткізіп, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырады. Мұндай жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы («Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау») бойынша жеке тұлғаларға 7 АЕК көлемінде айыппұл қолданылып келеді.

Қысқаша:

– Белгіленбеген жерде шомылуға тыйым салынады.

– Рейд кезінде анықталған жағдайда әкімшілік жаза қолданылады.

– Ереже бұзу қайғылы оқиғаларға әкелген жағдайда жауапкершілік күшейтіледі.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close