Basty bet

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта!

Ауданда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» тақырыбында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атаулы мерекенің басты мақсаты – еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты нығайту, достық пен өзара сыйластықты дәріптеу.
Мереке «Бірлік – біздің күшіміз!» атты этно-мәдени көрмемен ашылып, ұлттық бұйымдар мен дәмді тағамдар жұртшылық назарына ұсынылды.
Әрі қарай аудандық «Қызғалдақ» ән-би ансамблінің орындауында «Қазақстан» әні шырқалды.
Мерекелік шарада алғашқы сөз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашевқа берілді. Ол өз сөзінде ол бұл мерекенің мәні мен маңызына ерекше тоқталып, Қазақстандағы татулық пен тұрақтылықтың басты кепілі – халықтар арасындағы достық пен өзара құрмет екенін атап өтті. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» екенін тілге тиек еткен ардагерлер кеңесінің төрағасы елдің дамуы мен өркендеуі ынтымақ пен келісімге тікелей байланысты екенін жеткізді. Сондай-ақ, ардагер Сейітхан Шерелханұлы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды сақтау, түрлі этностардың мәдениетін құрметтеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Сонымен қатар, аға буын өкілдері әрдайым ел бірлігін нығайту жолында үлгі болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, концерттік бағдарлама аясында әндер шырқалып, билер биленіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараға жиналғандар бірлік пен татулықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Одан бөлек, аудандағы этномәдени орталықтың жетекшілері де өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, достық туын асқақтатты. Олар жас ұрпақты бейбітшілік пен достықты қадірлеуге шақырып, ел болашағының бірлікте екенін айтты.
Мереке барысында түрлі ұлт өкілдері ортақ құндылықтарды дәріптеп, өзара құрмет пен түсіністіктің үлгісін көрсетті. Бұл – Қазақстанның көпұлтты қоғамындағы татулық пен тұрақтылықтың жарқын көрінісі.
Жиын соңында ұйымдастырушылар барша қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Бірлік пен ынтымақ салтанат құрған бұл күн көпшілік жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close