Basty bet
Бақылау-кассалық машинасын қолдану талаптары
Құрметті салық төлеушілер!
Чекті міндетті беру және бақылау-кассалық машинасын қолдану
Ақшалай есеп айырысу:
Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қолма-қол ақша, төлем карточкалары немесе мобильді төлемдер арқылы төлем жасау. Кез келген ақша алу – ақшалай есеп айырысу болып саналады.
Бақылау-кассалық машинасының чегі деген не:
Бақылау-кассалық машинасының чегі – төлем фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты.
Шығарылады:
• Қағаз түрінде;
• Электронды түрде немесе «Е-Салық Бизнес» мобильді қосымшасы арқылы.
Ақаулар мен жауапкершілік:
• Чекті бермеу немесе дұрыс емес сомамен беру — ескерту, қайталанған жағдайда — айыппұл:
o Шағын және орта бизнес (ШОБ): 20–30 айлық есептік көрсеткіш
o Ірі бизнес: 40–50 айлық есептік көрсеткіш
• Бұзушылықты хабарлаған және фактісін дәлелдеген тұлға сыйақы алуға құқылы;
• Жалған ақпарат бергендер — заңға сәйкес жауап береді.
Бақылау-кассалық машинасын қолдану талаптары:
1. Бақылау-кассалық машинасын іс-әрекет басталғанға дейін салық органында есепке қойылады;
2. Әр төлем чекпен расталады;
3. Салық органдары БКМ-ге бақылау үшін қол жеткізе алады;
4. Чек мазмұны және деректерді беру талаптарына сәйкес болуы тиіс;
5. Бақылау-кассалық машинасын өзгерту немесе есептен шығару мүмкін жағдайлары:
қызметті тоқтату, тарату немесе қайта ұйымдастыру;
техникалық ақау;
ұрлық немесе жоғалту;
жаңа модельге ауыстыру.
Маңызды:
• Бақылау-кассалық машинасы кірістерді бақылауға, салықтарды дұрыс есептеуге және айыппұлдан сақтануға көмектеседі.
• Онлайн немесе карточка арқылы төлем жасалған жағдайда да чек міндетті.
Қосымша сұрақтар бойынша кеңес алу орны: Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынң ғимараты.
Мекенжайы: Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Парасат көшесі 1 А.
Байланыс телефондары: 8 (726-35) 2-18-71, 8 (726-35) 5-07-76, 8 (726-35) 2-12-93
Жуалы ауданы
бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы