Basty bet
Құрғақ шөпті өртеген үшін жауапкершілік қарастырылған
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты аудан аумағында қураған шөп жəне қоқыс өртеу оқиғалары жиілеуде.
Осыған орай, Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоқыс өртеу салдарынан пайда болатын өрттердің алдын алу мақсатында, күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізуде. Рейд кезінде рұқсат етілмеген от жағу және құрғақ шөпті өртегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 336-бабы бойынша-20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын ескертеміз!