Basty bet
Әр дауыс маңызды: жас отбасы өз таңдауын жасады

Әр дауыс маңызды: жас отбасы өз таңдауын жасады
Жуалы ауданында өткен референдумда жас отбасы Жалғас Дүйсенбек пен Сандуғаш Мүтәлі ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, азаматтық борышын орындады.
Бүгінгі таңда әрбір дауыс – елдің болашағына қосқан нақты үлес. Жас отбасының белсенділігі қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болып табылады. Олар өз таңдауларын саналы түрде жасап, жастарға үлгі көрсетіп отыр.
Референдумға қатысу арқылы әрбір азамат елдің тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосатынын дәлелдеді. Бұл оқиға қоғамдағы жауапты азаматтықты дәріптеп, әр адамның пікірі маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.