Basty bet
Мерейлі отбасы – мемлекеттің мықты тірегі!
Отбасы – мемлекет іргесінің берік негізі саналады. «Отан отбасынан басталады» деген ұлағатты сөз де бекер айтылмаса керек-ті. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу¬меттік орта екені белгілі. Отбасы – белгілі дәстүр¬лер¬дің, жағымды өнеге, мұралар мен салт-сананың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізімен бірге, өзара сы鬬ластық пен жарастық орнаған орта. Жас ұрпақ тәрбиесінің де ең алғашқы ұжымы – дәл осы жанұя.
Отбасы құндылықтарын жаңғыртуға, қоғамада ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттаумен бірге, шығармашылығын шыңдауға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да өзінің заңды жалғасын тауып отыр.
Қасиетті Әулиеата өңірінде орналасқан Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына барлығы – 2 700-ден астам отбасының белсене қатысқаны белгілі. Олардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы, ал 213-і – интернационал отбасылар. 2025 жылы аталған конкурсқа Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 222 өтінім түсіп, олардың ішінен 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды салтанатты түрде марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.
– Бұл байқау – тек үлгілі отбасыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар бірлігі жарасқан, берекелі шаңырақтарды көпшілікке танытып, өскелең ұрпаққа өнеге етудің жарқын үлгісі.
Ел Президенті бейбітшілік пен дамудың бастауы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық, қоғамдағы бірлік екенін үнемі айтып келеді. Әрбір берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Сондықтан бұл байқаудың мәні терең, маңызы зор.
Бүгін дара шыққан отбасылар – тек өз әулеттерінің ғана емес, барша облыс жұртшылығына үлгі, қазақ елінің мақтанышы, – деп ерекше атап өтті аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы.
Ербол Қарашөкеев мемлекетімізде ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға, көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартуға тұрақты көңіл бөлініп отырғанынына да кеңінен тоқталды.
Айта кету керек, 2025 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі екінші орын Жуалы ауданының атынан сынға түскен ұлағатты отбасы – Абдуалиевтердің берекелі шаңырағына бұйырғанын жақсы білеміз.
Ел мен қоғамның дамуында маңызды орын алатын «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарған өнегелі отбасылардың дені – қасиетті қара шаңырақта ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, туған ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқаны белгілі Олардың арасында теміршолшылар, жұмысшы мамандығын игерген азаматтар, кәсіпкерлер мен шаруалар, білім және мәдениет саласының майталмандары бар.
Ақгауһар ҚҰРМАНБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің
веб-журналистика мамандығының
2-курс студенті