Basty bet
Адам құқықтары шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де бірдей қорғала ма?
Осы сауалға белгілі журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасына берген сұхбатында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жауап берді.
Спикердің айтуынша, адамның құқықтары мен бостандықтары нақты өмірде қалай қорғалса, интернет пен цифрлық кеңістікте де дәл солай қорғалуы тиіс.
Сонымен қатар әр азамат өз құқығын жүзеге асыра отырып, өзге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауы қажет екенін атап өтті.
Толық жауапты видеодан көріңіз.
#МәдиМырзағараев #ЕрболСейілхан #Конституция #АтаЗаң #АдамҚұқықтары #ЦифрлықКеңістік #Заң #Қазақстан #Сұхбат