Basty bet
Өңірде жаңа белдеу қалыптасып келеді author «Ақ жол» 13 шілде, 2026 469
«Жасыл экономиканы» дамыту және жаңартылатын энергия көздеріне шетелдік инвестицияларды тарту перспективалары туралы осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласында өткен 26-шы климаттық саммитте де қаралған болатын. Сол саммитте америкалық сауда палатасының еліміздегі атқарушы директоры Дорис Брэдбюри, Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі Уильям Мозер, Нидерланды елшісі Андре Карстенс, Канада елшісі Николя Бруссо, Халықаралық энергетика агенттігі бас директорының орынбасары Мэри Уорлик, Қазақстандағы ЕҚДБ өкілдігінің директоры Агрис Прейманис, сондай ақ GE, Chevron, Morgan Lewis және тағы басқа компаниялардың өкілдері баяндама жасап, өз болжамдарын айтқан болатын. 5 өндіруге таптырмас өңір болып бағаланып отыр.
Осы саммиттен кейін елімізде «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудың 2021 2030 жылдарға арналған жаңартылған іс-шаралар жоспары қабылданған еді. Бұл жоспар Еуроодақ серіктестерімен тығыз ынтымақтастық орната отырып әзірленді, онда ел алдында тұрған аса елеулі экологиялық сын тегеуріндерді жою жөніндегі шаралар қарастырылған. Жоспарланған іс шараларды орындау әлемнің аса дамыған 30 экономикасының тізіміне кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізген кезде Қазақстанның «жасыл» өсім бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орайын тапса дархан даланың шыққан күнін, соққан желін, аққан суына дейін игілік көзіне айналдыруға болатындығына көз жетті. Елімізде осынау табиғаттың мол ресурстарын игеруге оң қадамдар жасалып, «жасыл экономикаға» бетбұрыс – мемлекеттік қолдау тауып келеді. Қазіргі таңда облысымызда осы мегаватты құрайтын 22 нысан жұмыс істеуде. Атап айтқанда, жиынтық қуаты 24,4 мегаваттық 6 су, 275,65 мегаваттық 10 жел, 271,25 мегаваттық 6 күн электр стансалары бар
Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы табиғат көздерінен қуат алу мәселесі әлі де болса толық шешімін таппаған. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «жасыл экономикаға» бет бұрды. Ал бұл еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, жалпы қажеттіліктің орнын толтыру үшін де тамаша мүмкіндік. Жалпы еліміздің сағатына 1 триллион киловатт энергия өндіруге мүмкіндігі бар екен. Бұған елордадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшкенін және қосыңыз. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
Бүгінде біздің облысымыз «Жасыл экономика» бағдарламасын жүзеге асыруға қолайлы аймақ қатарына жатқызылып отыр. Оған облысымызда күн, су және желден қуат алатын баламалы энергия көздерінің қанатқақты жобаларының іске асырылуы дәлел. Мәселен, бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген «Жаңатас жел электр стансасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 100 мегаватт электр энергиясын өндіруде. Онда 40 жел трубинасы орнатылған. Қытайлық «China Power» компаниясы ендігі кезекте оның көлемін тағы 500 мегаватқа жеткізуді жоспарлауда. Толықтай автоматтандырылған кәсіпорында бүгінгі күні 30 адам жұмыспен қамтылған.
Ендігі кезекте бұл жобаның екінші кезеңі – «Шоқпар» жел электр стансасы бойынша 22 жел трубинасы орнатылып, іске қосу шаралары орындалуда. Нәтижесінде жалпы қуаттылық 200 мегаватқа дейін артпақ. Бұл стансалардың басында болған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта қуаттылықты арттыру бойынша тағы да жобаларды қолға алу маңыздылығын, ол бойынша жергілікті билік тиісті қолдауларды көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Ал енді осы стансамен қатар ашылған Жамбыл ауданындағы Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Айша күн шуақ» электр стансасы табысты жұмыс істеп келеді. Қазір онда 50 мегаватт электр қуаты өндірілуде.
Сарапшылардың зерттеулері дарқан даламыздың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 6 метрден асатынын дәлелдеді. Әсіресе, елдің оңтүстігі күннің қызуынан қуат өндіруге таптырмас өңір болып бағаланып отыр.
Сонымен бірге бүгінде Шу ауданы да мүмкіндіктерінің қолайлылығымен еліміздің энергетика саласына үлес қоса бастады. Онда қуаты 9,2 мегаваттық «Тасөткел» су электр стансасы іске қосылған. Жобаның инвесторы – «A&Т-Энерго» ЖШС. Бұл гидроэлектр стансасы жылына 45,6 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіруге қауқарлы. Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылындағы «Қарақыстақ» су электр стансасының да облысымыз үшін маңызы зор. Қуаты 2,3 мегаватты құрайтын су электр стансасы жобасының инвесторы – «ЭнергоСтройПроект» ЖШС. Бұл су электр стансасында 12 адам жұмыс істейді. Алда станса толық қуатына көшкен жағдайда ауданның 25 пайызын электр қуатымен қамтуға қауқарлы. Ал Меркі ауданындағы «Меркі-3» шағын су электр стансасы тау өзенінің жоғарғы жағында орналасқан. Жергілікті жұрт «Меркенка» деп атап кеткен тау өзенінің суын қорек қылатын Меркі СЭС-нің қуаттылығы 1,5 мегаватты құрайды. Осылайша жыл санап облысымызда «жасыл экономика» белдеуі қалыптасып, отандық табиғи өнім өндірушілердің қатары артуда.
Қазақстанның «Жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, 2050 жылға қарай жасыл энергия көздерінен өндірілетін қуат күшін 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда облыста табиғат көздерінен энергия қуатын өндіру орындары нақтыланып, ол 2020 2030 жылдарға арналған болжам картасына енгізілген. Осылайша картаға сәйкес 2020-2030 жылдар аралығында жиынтық қуаты 836 мегаватты құрайтын 12 жобаның тізімі жасалған. Бұдан бөлек, облыс аумағындағы өзендерге және су қоймаларына су электр стансаларын салу бойынша болашақта жүзеге асырылатын жобалар тізімі де әзірленген. Сөйтіп 2021-2030 жылдар аралығында электр қуатын өндіретін стансалар саны 32 нысанға жеткізіліп, 1251 қуат өндіру жоспарланған. Бұл жобаға Жамбыл ауданындағы «Родина» ЖШС күн сәулелі электр стансасының да құрылысы енгізілген.
Бір атап өтерлігі, соңғы жылдары табиғат көзінен энергия өндіру аймақта дұрыс жолға қойылып келеді. Ең бастысы, бұл жобалар кезең- кезеңмен жүзеге асырылуда.