Basty bet

Таразда түзеу мекемесінде жасалған аялдамалар орнатылды

Нәтижесінде 20 сотталған ақылы жұмыстармен қамтамасыз етілген

ҚР Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында сотталғандарға жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекеттік тапсырыстарды орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша қала және аудандардың 66 аялдамалары жасалып, орнатылды. Аялдамалар Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде жасалып, бұл учаскеде жазасын өтеп жатқан 20 сотталған ақылы жұмыстармен қамтамасыз етілді.

Президент Әкімшілігінің тапсырмасының басты мақсаты – сотталғандардың қолымен жасалған өнімдерді нарыққа шығару.

Таңдаулы материалдар

Close