Basty bet

Жуалы ауданында прокуратура «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді

 

«Заң және тәртіп» концепциясы негізінде облыс прокурорының орынбасары Н. Ұласбекұлы, «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Б. Ыстыбаев және облыстық Психологиялық қолдау орталығының басшысы Жуалы ауданының жастарымен кездесті.

Кездесуге 280-нен астам мектеп және колледж оқушылары, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.

Шақырылғандарға есірткі, буллинг, кибербуллинг және қорқыту сияқты жағымсыз құбылыстардың зияны, сондай-ақ олардың ауыр зардаптары туралы ақпараттар ұсынылып, «Komek Stop Bullying Jambyl» телеграм каналына, психологиялық қолдау орталығына жүгіну мүмкіндігін жеткізді.

Облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы өскелен ұрпақты қауіпті жағдайлардан қорғау және қоғамда салауатты, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал ету қажеттілігін атап өтті.

Профилактикалық әсерді күшейту үшін оқушыларға жаман әдеттердің салдарын бейнелейтін тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу жастардың қылмысқа қарсы іс-шараларға қатысуын арттыру және жаңа бастамаларды талқылау алаңына айналды.

«Заң және тәртіп» тақырыбындағы кездесулер өңірдің барлық аудандарында өтуде.

 

 

Таңдаулы материалдар

Close