Basty bet
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы қазақстан республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығы
“Тұрғын үй сертификаттарын беру” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын Жоқ.
3 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері www.egov.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы.
4 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
5 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
8 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) Заңның 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге “электрондық үкіметтің” шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.
10 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
11 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті”, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ “1414”, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.