Basty bet
Ауданға жаңа прокурор тағайындалды
Аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен өткен жиында аудан көлемінде орын алған кадрлық өзгерістер таныстырылды.
Жиынға Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Мұхамеджан Бақтияр қатысып, Жуалы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалған Жомарт Кенжеқұлұлы Науатовты таныстырды.
Бас Прокурордың 03.08.2026 жылғы бұйрығына сәйкес Талас ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Жомарт Науатов ротациялау тәртібімен Жуалы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Облыс прокурорының орынбасары Мұхамеджан Бақтияр жаңадан тағайындалған прокурорды құттықтап, кәсіби қызметіне табыс, әділдік пен парасаттылық, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Ал, Бас Прокурордың 03.08.2026 жылғы бұйрығымен Ілияс Тойшыбеков ротациялау тәртібімен Т.Рысқұлов ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Актив отырысында аудан әкімі Жалғас Мұртаза прокурорды жаңа қызметімен құттықтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды міндеттеріне сәттілік тіледі.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»
