Basty bet

сапалы таңдау – жарқын болашаққа бастар жол

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан- Құрылтай депутаттарын сайлауы Ақсай ауылдық округіндегі №2 Мыңбұлақ орта мектебінде орналасқан №198 сайлау учаскесінде де ұйымшылдықпен өтті. Таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, сайлау учаскесі өз жұмысын ресми түрде бастады.
Сайлау – азаматтың өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің ертеңіне қатысты жауапкершілігін танытатын маңызды қоғамдық үдеріс. Әрбір берілген дауыс – халықтың өз ұстанымын білдіруінің, ел болашағына бейжай қарамайтынының көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, азаматтардың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы ел өміріне деген жауапкершілігін аңғартты.
Таңғы уақыттан бастап №198 сайлау учаскесіне тұрғындар біртіндеп жиналды. Уақыт өте келе сайлаушылар қатары көбейіп, дауыс беру белгіленген тәртіппен жалғасты. Жасы үлкен сайлаушылармен қатар, алғаш рет дауыс берген жастар да саяси науқанға белсене қатысты.
№198 сайлау учаскесінде барлығы – 1 429 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 15 азамат алғаш рет дауыс берсе, 5 сайлаушы үйден дауыс берді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалған.
Сондай-ақ, ауылдың ақсақалдары мен үлкендері де сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ақсақалдардың елдің тыныштығы мен жұрттың ынтымағын тілеп берген батасы сайлау күнінің мәнін аша түсті. Бұл – үлкеннің кейінгі ұрпаққа деген ақ тілегі мен ел болашағына деген сенімінің белгісі.
№198 сайлау учаскесінде дауыс беру барысында қажетті тәртіп сақталып, азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалды. Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар азаматтық міндеттерін орындады.
Сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды саяси науқанның бірі үдерістердің бірі. Өз таңдауын жасау арқылы әр азамат елдің болашағына қатысты ұстанымын білдірді. Бір адамның даусы жеке таңдау болғанымен, көпшілік таңдауы қоғамның ортақ бағытын айқындайтын маңызды қадам екені анық.
№198 сайлау учаскесіндегі дауыс беруге келген тұрғындардың белсенділігі ел өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Сайлау күні азаматтар өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағына деген көзқарасын білдірді.
Ел болашағы – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Ал, өз таңдауын жасау – осынау жауапкершіліктің нақты көрінісі. №198 сайлау учаскесінде өткен дауыс беру де осы азаматтық ұстанымның айқын көрінісі болды.
Аяжан ҚАЗЫБЕК,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close