Basty bet
Ауылға қолдау – басты назарда
📌 18 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев аудан тұрғындары, шаруалар және кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуде «Ауыл аманаты» жобасы, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Аудан тұрғындары кәсіпкерлікті қаржыландыру, субсидиялау, ауылдық инфрақұрылым, коммуналдық қызметтер және абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерін көтерді.
🤝 Вице-министр тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдап, мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.