Basty bet
КОРОНАВИРУСТАН ТУЫНДАҒАН ПНЕВМОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қытай Халық Республикасы Хубей провинциясы Ухань қаласында коронавирустың жаңа типін жұқтырып, ауырған адам санының күн сайын ұлғайып, өлім-жітімге ұшырау жағдайының да тіркеліп жатқандығы баршамызға белгілі. Осы орайда басқа мемлекеттерге де қауіп төндіруіне байланысты және Жуалы ауданында аталған аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Қытай Халық Республикасына баратын туристер, саудагерлер келесі сақтық шараларын сақтауы қажет:
– шетелдік сапарларды жоспарлау кезінде эпидемиологиялық жағдайды нақтылау; – жануарлар, теңіз өнімдері сатылатын базарларға бармау;
– тек термиялық өңделген тамақты, бөтелкедегі суды пайдалану;
– хайуанаттар паркіне, жануарларды тарту арқылы мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатыспау;
– тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану (маска);
– адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу;
– аурудың алғашқы белгілері кезінде емдеу ұйымдарына медициналық көмек көрсету, өзін-өзі емдеуге жол бермеу; –
Жамбыл облысы аумағында медициналық көмекке жүгінген кезде медициналық персоналға ҚХР-да болған уақыты мен орны туралы ақпарат беру.
Жуалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытай Халық Республикасына эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін барудан бас тартуды ұсынады.
Нәзипа Әзімбекова,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы